28 тамызда сағат 15.00-де Тараз қаласының «Достық» үйінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы» тақырыбында ғылыми тәжірибелік конференция өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
Конференция жұмысына арнайы қонақ ретінде «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берик Абдыгалиулы, Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің профессоры Айман Медеубайқызы, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбайұлы рухани мұрасы бай еліміздегі тарихи зерттеулер туралы баяндайды.
Сондай-ақ, конференцияға Мұхаммед Хайдар Дулати ат. Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті және Тараз инновациялық гуманитарлық университетінен таңдаулы ғалымдар қатысады.
Келем деушілерге есік ашық, асығыңыздар!