2021 жылдан бастап ЖОО-лар диплом үшін өздері жауап береді — вице-министр

0 13

Қазақстанда 2021 жылдан бастап ЖОО дипломды өздері береді. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, – деп xабарлайды “ZhambylNews” АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазір барлық жоғары оқу орындарында мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Бұл өз кезегінде мемлекеттік тұрғыдан кепілдік береді. Ал 2021 жылдан бастап біздің университеттер өз үлгісіндегі диплом бере бастайды. Сол арқылы университет диплом үшін, өздерінің атақ-абыройы үшін өз атынан жауап беретін болады. Мысалы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дипломы болса, оған сол университет жауап береді. Сонда жұмыс беруші де ЖОО білім беру сапасы мен деңгейіне қарап түлектерді жұмысқа алатын болады», — деді вице-министр Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрінің орынбасары ЖОО сертификаттау мәселесіне де тоқталды.

«Бүгінде қолға алынып жатқан өзгерістердің бірі — университтерді сертификаттау. Бізде ұлттық біліктілік шеңбері аясында профессорлық стандарттарға сүйене отырып, ЖОО сертификаттау жүйесі бар. Ол не үшін десеңіздер, Қазақстанда кей мамандықтар бойынша димлом болғанымен, ол жұмысқа түруға кепілдік бермейді, ол үшін арнайы сертификаты болуы керек, әсіресе медицина мамандықтары бойынша. Осы мақсатта университеттер дипломмен қатар, бітірген мамандығы бойынша сертификат беруі тиіс», -деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, жоғарыда аталған өзгерістер еліміздегі ЖОО-дағы білім сапасын жақсартып қана қоймай, өзара бәсекелестікті де күшейтеді.

Бұған дейін айтқанымыздай, бүгін Қазақстанда 21 ЖОО-ның басын біріктірген «Академиялық адалдық лигасы» құрылған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.