Интернетсіз мектептер электронды құжаттарды қағаз түрінде толтырады — министрлік

0 8

Цифрлық ресурстар үйде де, мектепте де бәріне тегін қолжетімді болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылуда. Әр пән бойынша ресурстар мектептерге 100 пайыз жеткізілді, енді мұғалімдер оны тиімді пайдалана білуі қажет. Министрлік ұсынысымен жаңа оқу жылынан бастап әр балаға жеке логин беріледі. Енді цифрлық ресурстар үйде де, мектепте де бәріне тегін қолжетімді болады», — деді министр.

Бұдан бөлек Е. Сағадиев мектептердегі электронды құжаттар мәселесіне жеке тоқталды.

«Мектептерге келсек, электронды құжаттарды кең жолақты интернеті жоқ мектептерде ғана қағаз түрінде толтыруға рұқсат беріледі. Цифрландыруды, яғни IT технологиялар мен робототехниканы дамыту үшін қосымша білім берудің мүмкіндіктерін пайдалану керек. Жергілікті атқарушы органдар робототехника, бағдарламалау, 3D-принтинг сыныптарын ашуда. Қазіргі уақытта бір жарым мың мектепте осындай сыныптар бар. Сонымен қатар, барлық өңірлерде IT-лицейлерін ашу жоспарлануда. Ол үшін біз тиісті нормативті дайындап бердік», — деді ведомства басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.