БАҚ өкілдерінің бәсекесі: «Блогерлер» — «Jambyl» 2:1

0 4

Таразда БАҚ өкілдері арасында өтіп жатқан республикалық турнирді «Jambyl» — «Блогерлер» командасы бастады. Алғашқы тайм бойынша таразы басы тең болды. Есеп 1:1. Ойын барысын «ZhambylNews» AA тілшісі «Тараз-Арена» спорт кешенінен хабарлайды.

Ойынның 5-ші минутында «Блогерлер» командасының шабуылшысы Бақтияр Бекназаров есеп ашса, артынша «Jambyl» телеарнасы командасының шабуылшысы Жасұлан Қорғанбаев таразы басын теңестірді. Осылайша бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталды.

Ал екінші тайм блогерлер командасының басымдығымен аяқталды. Есеп 2:1.

Айта кетейік, «Jambyl» командасы «Jambyl» телеарнасының журналистерінен құралған. Ал «Блогерлер» командасында Арман Жаналиев, Исламбек Дастан, Файзулла Сағымбаев, Берік Тілеуішов, Бақтияр Бекназаров, Айбек Тәжібаев, Елдар Өтембаев ойын көрсетуде

Leave A Reply

Your email address will not be published.