Таразда журналистер арасында республикалық турнир басталды

0 3

Таразда «Тараз-Арена» спорт кешенінде Жамбыл облысы әкімінің Кубогы үшін шағын футболдан республикалық турнир басталды. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды. 

БАҚ өкілдері бақ сынасатын бәсекені  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли ашып, командаларға сәттілік тіледі.

Берік Уәли, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы:

— Баршаңызды бүгінгі Ата Заңымыз — Конституция күнімен құттықтаймын. Бүгінгі өткелі отқан жарыста барлық командаға сәттілік тілеймін. Турнирді ашық деп жариялаймын.

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өтіп жатқан жарыстың жүлде қоры да қомақты 1,5 миллион теңге. Үздік қатысушыларға да арнайы жүлде тағайындалған.

Бәсекеде «BAQ»  лиганың бірнеше мәрте жеңіпазы Хабар, қызылордалық «Ақмешіт», Талдықорған құрамалары бар. Көршілес Түркістан облысынан 3 бірдей команда бақ сынайды. Ал Әулиеатаның намысын «Taraz Press»  пен «Jambyl», «Блогерлер» және жергілікті жас ақындардан құралған «Айтыскерлер» командасы қорғайды.

Іріктеу кезеңін 10 минуттан ойнайды. Ал, плей офф кезеңі 15 минуттан. Айта кетейік, 11 команданың ішіндегі 8-і плей офф кезеңіне өтеді. Нәтижесі кешкісін белгілі болады.

Тағы айта кетерлігі, Берік Уәли «Taraz Press» командасында ойын көрсетеді.

Тілшілер арасындағы турнирді «Jambyl tv» телеарнасының ұжымы мен «Блогерлер» командасы ашып берді. Ойын барысында басымдылық танытқанымен, телеарналықтар блогер жігіттерге 1:2 есебімен жол берді. Екінші ойында «Jambyl tv» жігіттері «Ақмешіт» командасымен 1:1 есебімен тең түсті. Бұл топтан «Ақмешіт» пен «Блогерлер» ширек финал жолдамасына ие болды.

БАҚ өкілдері арасындағы додада Астанадан «Хабар» телеарнасы, Түркістан облысының «Түркістан», Шымкент қаласының «Шымкент», «Ернияз» ұжымдары, Алматы қаласынан «Апорт», Талдықорған қаласынан «Тұран», Қызылорда облысынан «Ақмешіт», біздің облыс атынан «Jambyl tv», «Тараз-пресс», «Блогерлер», «Әулиеата» командалары бақ сынады. Үш топқа бөлінген командалар алдымен топтық ойындарда өзара кім мықтыны анықтады. Ширек финалға екі топтан үш, бір топтан екі команда жолдама алды.

Екінші топта бақ сынаған «Тараз-пресс» командасы бірінші кездесуінде Талдықорғанның «Тұран» командасынан 2:0 есебімен айласын асырды. Екінші ойында Шымкенттің «Шымкент» командасымен 1:1 есебімен ұпай бөліскен «Тараз-пресс» ойыншылары үшінші ойында Алматының «Апортымен» 0:0 есебімен тең түсті. Нәтижесінде топтан «Шымкент» және «Апорт» командаларын жеңген «Тұран» бірінші орынмен шықса, «Тараз-пресс» екінші орынмен, 4 ұпай иеленген Алматының «Апорты» үшінші орынмен шықты. Үшінші топтан «Хабар», «Түркістан», «Ақмешіт» командалары плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Ширек финалда «Тараз-пресс» командасы «Блогерлерден» 3:2 есебімен басым түсті. Топтық кезеңнен әупіріммен шыққан Алматының «Апорты» ширек финалдан бастап жасындай жарқырады. Турнирдің басты фавориттерінің біріне телінген «Хабар» телеарнасына қарсы сауатты ойнай білген «Апорт» хабарлық қақпашының қателігін ұтымды пайдаланып, 2:0 есебімен жеңіс тойын тойлады. Талдықорғанның «Тұраны» Шымкенттің «Ернияз» командасына ойын соңындағы пенальтиден есе жіберді. «Ақмешіттің» жігіттері «Түркістан» командасын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалдың соңғы жолдамасын иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.