БАҚ арасында өтіп жатқан турнирдің келесі ойыны «Тұран» (Алматы облысы) & Шымкент қаласы ойыншыларының арасында жалғасты. Тартысты өткен 1 тайм 1:0 есебімен Тұран командасының басымдылығымен аяқталды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
Ал екінші таймда Шымкент құрамасы 1 гол соқса, «Тұран» командасы 3 гол соқты. Ойын нәтижесінде Шымкент құрамасының ойыншысы 19-номерлі Дастан Башировке қызыл қағаз көрсетіліп, 4:1 есебімен Алматылық «Тұран» командасы жеңіске жетті.
Айта кетейік, аталған екі команда топтық кезеңді қорытындылады.