Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, биыл 17 оқу орны лицензиясынан айырылды. Әлі де осы бағытта жұмыс жасалып жатыр. Бұл туралы «ZhambylNews» АА Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрлік түлектер арасында жұмысқа орналасу көрсеткіші төмен болса, оқу орындарын лицензиясын айырады, — деп мәлімдеді Ерлан Сағадиев.
“Мемлекет басшысы білім грантын 10 мыңға, биыл 20 мыңға арттырды. Елбасыға бәріңізің атыңыздан алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Бізге үлкен сенім артты. Сондықтан бірінгі кезекте, түлектердің жұмысқа орналасу рейтінгін қарадық. Қай мамандықтың көрсеткіші нашар болса, ол мамандық бойынша оқу орнының лицензиясн аламыз. Егер жақсы білім беріп жатса, әрі қаай жалғастырсын. Егер одан еш пайда болмаса, жұмысын тоқтатсын”, – дейді министр.