Синоптиктер еліміздің бір қатар аймақтарында күн суытып, күздің алғашқы айларында қар жауатынын айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қазгидрометтің мәліметінше, елдің солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде түнде 1-6 градус нөлден жоғары, кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады, деп болжануда. Күндіз 8-16 градус жылы болады.
Еліміздің батысында жылы ауа райы сақталып, ауа температурасы 23-30 градус жылылықты көрсетеді. Солтүстікте айдың ортасы мен соңғы онкүндігінде жауынды болады. Түнде үсік жүріп, жаңбыр соңы қарға ұласады.
Оңтүстікте керісінше күн ыстық болып, 23-30 градусты көрсетеді. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын аз болады деп күтілуде. Өзге аймақта нормадан көп жауады.