Қазақстанға қыркүйектің алғашқы күндері Карск теңізі аудандарынан басып кірген суық ауа массалары республиканың көптеген облыстарында температураның төмендеуін тудырды. Ал түнгі температура солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қатқаққа дейін төмендейді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алдағы үш тәуліктегі суық және үлкен антициклон одан әрі Қазақстанға таралатын болады, сондықтан қатқақ сақталады. Республиканың көптеген облыстарында ауа температурасы климаттық нормадан 3-5°С төмен болады деп күтіледі. Ал, батыста қалыпты температурадан 2-4°С жоғары болады деп болжанады. Түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік, орталық және шығыс облыстарында тұман болуы мүмкін.