Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа Жолдауында қандай мәселелер қозғалатынын айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Біз сіздермен аумалы-төкпелі заманда өмір сүріп жатырмыз. Біз бұдан да табанды шараларды қолға алуымыз қажет. Бұл туралы жуырда менің халыққа Жолдауымда айтылады. Қазір болып жатқан сауда соғыстары, әлемдегі және айналамыздағы геосаяси жағдайдың өзгеруі, техникалық прогресс – мұның барлығы экономиканың барлық саласына мүлдем жаңа міндеттер жүктейді. Біз сіздермен бұл мәселелерді жақын арада талқылап, шешетін боламыз», — деді Елбасы VI сайланған парламенттің төртінші сессиясының ашылуында.