Елімізде қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салынбақ

0 5

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне өзгеріс енгізді,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Baq.kz сайтына сілтем жасап. 

Өзгерістер «Темекі мен алкогольді тұтынудың профилактикасы және оны шектеу» 159-баптың 5-тармағына енгізілді.

Кодексте көрсетілгендей, темекі өнімдерін мына жерлерде тұтынуға болмайды:

— білім беру ұйымдарында, сондай-ақ қоғамдық орындарда;

— денсаулық сақтау ұйымдарында;

— қоғамдық тамақтану орындарында;

— кинотеатр, театрда, циркте, концертте, көрме залдарында, спорттық аренада және өзге де бұқаралық демалысқа арналған жабық нысандарда, оның ішінде түнгі клуб пен би алаңдарында;

— музей, кітапхана және дәріс алаңдарында;

— белгісіз орындарда, пойыз және көл мен өзен көліктерінде;

— әуе кемесінің бортында, автобус салонында, жолаушыларды тасымалдайтын микроавтобус, троллейбус, такси және қалалық рельсті көлікте;

— әуежай ғимаратында, теміржол, автокөлік және су бекеттерінде;

— мемлекеттік орган мен ұйымдарда;

— жұмыс орны болып келетін бөлмелерде;

— үйдің кіре берісінде.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.