Байзақ ауданында 20 елді мекен таза ауыз сумен қамтылған

0 3

Байзақ ауданындағы 43 елді мекеннің 20-на таза ауыз су кіргізілген. Қалған ауылдарда қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Тағы бір жаңалық. Ауданның үш бірдей ауылдық округіне орталықтандырылған ауыз су жүйесі жүргізіліп, пайдалануға берілді. Енді ауыл тұрғындары таза су тұтынатын болады.

Су тапшылығын тартқан елдімекендердің бірі – Абай ауылы. Жылдар бойы тұрғындар сапасыз сумен күнелтіп келген еді. Тұрғындардың көптен бергі талап-тілегі орындалып, қазынадан 332 млн. теңге бөлінді. Таза судың құбыры есік алдына дейін кіргізіліп, ресми түрде лентасы қиылды.

Сондай-ақ, Тегістік, Мырзатай ауылдық округтерінде де таза ауыз су ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігіне берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.