Шу ауданында ІТ-сынып ашылды

0 1

Шу ауданында «Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасын іске асыру аясында, Шу аудандық партия филиалының қолдауымен және аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен Шу қаласындағы Жібек жолы мектеп-лицейінде ІТ-сынып ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

ІТ-сыныпта 10 оқушы, 1 мұғалімге арналған барлық құрал-жабдықтары, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамыз етілген. Интернетке қосылған. Сонымен қатар, оқушылардың сабақ оқуымен және құрал-жабдықтармен жұмыс істеудегі ескертпе стендтері, робототехника және 3D модельдеу үстелдері құрал-жабдықтарымен орналасқан.

Сондай-ақ, ІТ-сыныпта 8 және 16 жас аралығындағы оқушылар 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқиды. 1-ші оқу модулінде бағдарламалауды игеріп шығады. Онда оқушылар «Скрейтч», «Питон», «Си++», «Жава», 2-ші оқу модулінде  «Лего» және «Арудинно» робототехниканы меңгереді. 3-ші оқу модулінде  «Аутодеск», «Скетч ап», «Солидоркс» бағдарламаларын 3D модельдеуді  меңгеріп шығатын болады.

Іс-шара барысында ІТ-сыныптың жұмысымен Жібек жолы мектеп-лицейінің директоры және ІТ-сыныпта сабақ беретін мұғалімдер жан-жақты таныстырып, түсіндірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.