Облыс əкімі Жазушылар Одағының төрағасын қабылдады

0 6

Бүгін аймақ басшысы Асқар Мырзахметов ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Одақ төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов және суретші Еркін Нұразханмен кездесу өткізді. Бұл туралы  “ZhambylNews”  Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Облыс әкімі Асқар Исабекұлы келген қонақтарға өңірде руханиятқа қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.

«Қазақ хандығы» монументі маңынан Тараз қаласы тұнған тарих ордасы екендігін көрсететіндей үлкен мұражай соғу жоспарланғанын және Тектұрмас кесенесінің қасынан тарихи кешен бой көтеретінін тілге тиек етті.

Өз кезегінде ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Жамбыл облысындағы әдебиет пен мәдениет саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарда ілгерілеу бар екендігін айтып, облыстағы талантты 5 жас ақынның кітабын шығару бойынша қолға алынған іс басқа да өңірлерге үлгі боларлықтай бастама екендігін таңданыспен жеткізді.

Сонымен қатар, Ұлықбек Оразбайұлы ҚР Жазушылар Одағы мен Жамбыл облысының әкімдігі бірігіп, болашақта әдебиетшілерге арнап «Жамбыл» атындағы сыйлық дайындау туралы ұсынысын айтты.

Кездесу соңында ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет облыс әкімі Асқар Исабекұлына естелік кітабын сыйға тартып, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет — қазақстандық ақын, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері. Мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының, Ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының, Түркі әлемінің әдеби журналдары конгресінің Тұрақты кеңесінің мүшесі, «Ақбар» бильярд клубының мүшесі. Сондай-ақ, «Жалын» журналы ұйымдастырған жабық бәйгесінін жеңімпазы (1982), Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының (1986), «Құрмет» орденімен марапатталған (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. «Жігер» шығармашыл жастар байқауларының (1979), түркі тілдес елдер поэзиясы байқауының (1995), халықаралық «Алаш» (2000), ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының (2003) лауреаты. Ресейдің Алтын Есенин медалінің кавалері (2007). «Мүшайра» ақындар сайыстарының бірнеше мәрте жеңімпазы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.