Елімізде электронды таски қызметтері заңдастырылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде арнайы заң жобасын таныстыру кезінде көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі ASTANA арнасына сілтеме жасап.
Осының нәтижесінде көлеңкеде кәсібін дөңгелетіп жүрген 50 мың жасырын тасымалдаушының қызметі бақылауға алынады. Uber, InDriver мен Яндекс Такси сынды мобильді қосымшалар бойынша емін-еркін адам тасып жүрген көліктердің техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін тексеріп жатқан ешкім жоқ, — деді депутаттар.
Айта өтейік, бұған дейін министрлік аталған компаниялармен келіссөз жүргізіп, көлік жүргізушілерімен келісімшартқа отыруды талап еткен. Бірақ қазіргі заңнама бойынша такси-моторлық қызметті көрсету үшін ескерту xат берілумен шектеледі.