Тұрар Рысқұлов ауданында  7 млрд. 962,0 млн. теңгенің өнімін алу жоспарланған

0 11

Тұрар Рысқұлов ауданында  7 млрд. 962,0 млн. теңгенің өнімін алу жоспарланған. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте Т.Рысқұлов ауданы әкімі Асқар  Қрықбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Ауданда индустрияландыру бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы  жылы ауданның өнеркәсіп саласындағы өнімі  7 млрд. 962,0 млн. теңгеге жоспарланып, жалпы физикалық индекс көлемін 103,2 % орындау көзделген. Ауданда өнеркәсіп саласының ішінде ірі кәсіпорындардың жұмысы арқылы өнім көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік бар. Биылғы жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін ұлғайту мақсатында үш жобаны іске асыру міндеті тұр.

Атап айтар болсақ,  «BioEnergia» ЖШС-не құны 3,3 млрд.теңгеге бағаланатын 4,95 МВТ «Биогаз электр станциясы» жобасын іске асыру мақсатында электр қуатын өндіру, жылу шығару және минералды тыңайтқыштарды өндіру үшін 20 га жер телімі бөлініп, қосымша жоба іске асырылғанда, инвестор 10 га жер теліміне құны 9,0 млрд.теңге болатын «Жылыжай» салу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, «Aguila Solar» ЖШС-нің Құлан ауылы маңында қуаттылығы 24 МВТ күн сәулесі қуатынан шығарылатын электр өндіру станциясын іске қосу үшін жұмыстар жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 16,0 млрд.теңгеге бағаланған. Бұл мақсатқа 74 гектар жер телімі бөлінген.

«Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру немесе сатып алу» бағдарламасы бойынша 551644,0 мың теңге бөлінді. Атап айтатын болсақ, оның ішінде 509891,0 мың теңге республикалық бюджеттен, 32069,0 мың теңге облыстық бюджеттен Құлан ауылының «Арай» тұрғын үй алқабында электр желісінің құрылысын салуға бөлінген.

Облыстық энергетика және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы Құлан ауылының «Арай» тұрғын үй алқабына газ желісінің құрылысы жүргізілуде. Луговой ауылының 1-ші және 2-ші кезектегі тұрғын алқабына шағал тас төселмек. Оған облыстық бюджеттен 108000,0 мың теңге бөлінген.

Тағы бір жаңалық. Тұрар Рысқұлов ауданында “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында биыл жалпы алаңы 9500 шаршы метр болатын 100 жеке меншік тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, ауданда ағымдағы жылы жалпы шығарылған өнім көлемі 47 млрд. 306,8 млн. тг болады деп күтілуде. Өнім өндіру көлемінің құрамында өнеркәсіп саласының үлесі есептік кезеңде – 25,7%-ға, ауыл шаруашылығы өнімі – 58,9%, ал тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемі – 10,1%-ға арттыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылы жоспарланған көрсеткішке жету мақсатында жалпы құны 26698,3 млн. тг өнімі өндіріліп, өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 701,9 млн. тг артады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.