Тұрар Рысқұлов ауданында 21 елді мекенінде автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте Т.Рысқұлов ауданы әкімі Асқар Қрықбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Ауданда 21 елдімекеннің 38 көше жолдарының 31,4 шақырымын 328,8 млн.теңгеге және 5 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 50,8 шақырымын 687,4 млн теңгеге барлығы 1016,2 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Сондай-ақ, 2 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыстары аяқталды: «Луговое-Воинская часть» 9,5 шақырымға 136178,9 мың теңгеге және «Каменка- пионер лагерь» 12 шақырымға 181279,3 мың теңге қаражат мөлшерінде жұмыстар жүргізілді. Тағыда 3 аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделуде:
«Қорағаты- Мамыртөбе» 23,0 шақырым жолының 10 шақырымы жөнделді, бөлінген қаражат- 251696,0 мың теңге.
«Көгершін ауылына баратын автомобиль жолы» 7,2 шақырым жолының 3 шақырымы жөнделді, бөлінген қаражат -75757,9 мың теңге.
«Құлан-ст.Луговая» 7,2 шақырым жолының 3,2 шақырымы жөнделді, жалпы жолға бөлінген қаражат 379614,5 мың теңге (2018 жылға 150000,0 мың теңге) нысан 2019 жылға өтпелі.
Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Луговой ауылында (жобалық құны- 1 млрд. 190 млн. теңге) ауыз су жүйесінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, Құмарық, Жарлысу, Тасшолақ, Бәйтелі, Әбжапар ауылдарында ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Сонымен қатар, ауданда атқарылған ілкімді істер аз емес. 2018 жылы өнеркәсіп саласындағы өнім мен көрсетілген қызметтер түрлеріне 7 млрд. 962 млн. теңгеге қарастырылған. «BioEnergia» ЖШС-не құны 3,3 млрд.теңгеге бағаланатын 4,95 МВТ-тық «Биогаз электр станциясы» жобасын іске асыру жүзеге асырылған. Ауданда электр қуатын өндіру, жылу шығару және минералды тыңайтқыштарды өндіру үшін жер телімі бөлініп «Жылыжай» салу жоспарланып отыр.
Тағы бір жаңалық. Тұрар Рысқұлов ауданында “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында биыл жалпы алаңы 9500 шаршы метр болатын 100 жеке меншік тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, ауданда ағымдағы жылы жалпы шығарылған өнім көлемі 47 млрд. 306,8 млн. тг болады деп күтілуде. Өнім өндіру көлемінің құрамында өнеркәсіп саласының үлесі есептік кезеңде – 25,7%-ға, ауыл шаруашылығы өнімі – 58,9%, ал тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемі – 10,1%-ға арттыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылы жоспарланған көрсеткішке жету мақсатында жалпы құны 26698,3 млн. тг өнімі өндіріліп, өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 701,9 млн. тг артады.