Меркі ауданында «егінжай күні» өтті

0 2

Меркі ауданында «ЕвроХим» ЖШС және «Атамкен» ҚР ҰКП ұйымдастыруымен сондай-ақ, облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен «Қант қызылшасын өсіру технологиясы және минералды қоректендіру жүйесі» атты «егінжай күні» өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Облыс әкімінің орынбасары Мәден Мұсабаев Меркі ауданы Сұрат ауылындағы қант қызылшасы егілген «Сыпатай батыр» шаруа қожалығының тыныс тіршілігімен танысты. Жалпы семинарға аудан әкімдерінің орынбасарлары мен қант қызылшасымен айналысатын шаруа қожалықтар қатысты.

Мәден Мұсабаев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

— Облыс әкімі облыстық бюджеттен қант қызылшасының тоннасына 12 мың теңгеден бөліп отыр. Қант қызылшасымен айналысатын шаруалар ассоциациясын құрамыз. Біз осы уақытқа дейін қызылшаның тұқымын қант зауытынан алдыртатынбыз. Ендігі жылдан бастап, ассоциация құрылып, шаруалар қант қызылшасының тұқымын өздері алатын болады.

Сондай-ақ, қызылшаны жинау үшін 3 техника жұмылдырылған. Өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі де артқан. Оның бірден-бір себебі, «ЕвроХим» компаниясының тыңайтқыштары дейді шаруа қожалығының директоры.

Қанат Шайхиев, «Сыпатай батыр» ЖШС директоры:

— Өткен жылы ең жоғары деңгейде өнім алдық. 100 га жерге аммофос қолданып, гектарына 400 ц ғана өнім алдық. Тағы да 100 га жерге «ЕвроХим» тыңайтқыштарын қолдандық және бұл жерден алған өніміміз екі есе (800ц) болды. Бұрын 250 ц алатынбыз. Содан соң, Қырғыз, Түркия, Қытай, Франция мемлекеттеріне барып, оларда ең төмені 1000 ц-150 тонна алып жатқанын өз көзімізбен көріп, неге біз ондай ала алмаймыз деп, оларды шақырдық, үйрендік.

Шараға қатысқан шаруалардың көбі егіс алқаптарына қажетт тыңайтқышқа қол жеткізу оңай еместігін атап өтті. Бұл орайда, республикадағы тыңайтқыш өндіру саласында жетекші саналатын «ЕуроХим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері үшін қажетті химиялық өнімдердің көптеген түрін ұсына алады. Бүгінде кәсіпорын облыс аумағында химиялық кешеннің құрылысын жүргізуді бастады. Бұл инвестициялық жоба арқылы жергілікті тұтынушыларды  азот, фосфор, калий және мезо-микроэлементтерден тұратын минералды тыңайтқыштармен қамту мәселесі оңтайлы шешілмек.  

– 2016 жылдан бастап «Еврохим Қаратау» кәсіпорны республика климатына лайықталған ауылшаруашылық дақылдарына арнап әртүрлі қоректену жүйесін дайындап келеді. Өткен жылы Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне иелегіндегі 12 гектар қант қызылшасы алқабына  тыңайтқаштың жаңа түрлерін сеуіп, тәжірибе жүргізілді. Нәтижесінде шаруашылық гектарына 800 центнер өнімге қол жеткізді. Ал сынама ретінде себілген тыңатқыштардың тәтті түбір өнімділігін 30 пайызға арттыру қабілеті расталды.  Тағы бір ескеруге тұратын жайт біздің тыңатқыштар жердің құнарлылығын сақтап қалуға да септігін, – дейді «ЕвроХим Қаратау» ЖШС сату бөлімінің маманы Қанат Канафин.

Айта кетейік, семинар ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Мұнда «ЕвроХим» компаниясының өнімдерінің құрамымен таныстырды. Сондай-ақ, «YTO-Agro Kazakhstan» компаниясы қонақтар арасында сертификаттар ойнатты. Нәтижесінде, 20 адам техникаларға 20-25% жеңілдік сертификатын иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.