Таразда арнаулы әлеуметтік орталықта алғыс айту күні аталып өтті

0 22

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзгеде мерекелер туралы» жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 1-наурыз «Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күнімен» қоса барлық ұлттың бір-біріне алғысы және де өзге ұлт өкілдеріне, аяушылық білдірген қазақтарға-алғыс білдіру күні деп белгіленді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталмыш мереке «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында» да назардан тыс қалмады. Орталық қызметкерлері бір-біріне деген алғыстарын айтты.

Сонымен қоса, арнайы алғыс айту бұрышы ашылып,қызметкерлер алғыстары мен тілектерін жазып, тілек ағашына ілді. Қызметкерлердің бір-біріне деген көз қарастарын, жылы сөздерін аямай, сыйласу мақсатында көркем өнерпаздар үйірмесі мүшелерінің дайындаған «Жаныңда жүр жақсы адам» атты сахналық қойылым көрермендер назарына ұсынылды. Сахналық қойылымды көрермендер барынша қызығушылақпен тамашалап, көтеріңкі-көңіл күймен тамашалады.

Кәсіподақ тарапынан көп балалы 5 отбасына қайырымдылық ретінде қаржылай көмек көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.