Қазақстан жолдарында ауыр жүк тасымалына шектеу қойылды

0 6

Қазақстанда 2018 жылдың 1 наурызы мен 1 мамыры аралығында республикалық автомобиль жолдарында ауыр жүк тасымалдайтын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер қойылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Белгіленген мерзімде жеке, қосарланған және үш қабат білік жүктемелері келесі көрсеткіштерден аспауы қажет.

Жеке білікке жүктеме, тонна

Біліктер арасындағы ара қашықтық, м

Ауыр жүк, арнайы және мамандандырылған автомобильдердің тіркемелері мен жартылай тіркемелері білік салматарының максималды сомасы, тонна

Қосарланған білік

Үш қабат білік

Қос доңғалақты

Жалқы доңғалақты

Қос доңғалақты

Жалқы доңғалақты

8

До 1,0

10

9,0

14,0

13,2

1,0-1,3

12,0

11,2

16,8

15,6

1,3-1,8

13,2

12,8

19,2

18,0

1,8-2,5

14,4

14

21,2

19,6

Наурыз айының 23-і мен мамыр айының 1-і аралығында IV климаттық аймақтарға (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аймағы), Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) шектеулер енгізіледі. Ал наурыз айының 1-нен сәуір айының 1-не дейін V климаттық аймақтарға (Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары) шектеулер енгізіледі.

Бұл уақытша шектеулердің жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдайтын автокөлік құралдарына, төтенше жағдайды алдын ала алу және жою шараларына, зардап шеккендерге гуманитарлық көмекке, азық-түлік/жолаушыларды және багаж/медикаменттерді, жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына қатысы жоқ.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.