Тараз қаласында №5 Арнаулы әлеуметтік орталық наурыз мерекесін тойлады

0 110

Ағымдағы жылы 30 наурыз күні 22-ші наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне орай «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында» қызметкерлер арасында «Наурыз- жыл басы» атты үлкен дүбірлі той тойланып өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Мереке басын Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысы Жорабек Нұрмергенұлы және Тараз қалалық Нұр Отан партиясы төрағысының бірінші орынбасары Арын Ілиясұлы және Орталық басшысы Мұрат Әзімханұлы бастап мерекеге жиналған көпшілікті ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Мерекелік іс-шара өткізу мақсаты: Қазақ ұлтының салт-дәстүрін жалғастыру, наурыз мейрамының мағынасын түсіндіру. Наурыз айы қазақ халқының жаңа жыл басы екендігі, ол күнде күн мен түн тенесіп, қаншама жақсы игі істердің бастау екендігін насихаттау. Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраны ұлттық дәстүрді, ойындарымыз бен ұлттық тағамдарды ұмытпай болашақ ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау.

Аталған мерекеде «Шашу», «Андижан» биі, «Наурыз думан», «Наурыз көктем», «Қазақтың тойы» әндері орындалып және «Тұсау кесер» рәсімі сахналық қойылым ретінде көрсетілді.

Қазақтың ұлттық ойындары «Күрес», «Қол күрес», «Арқан тартыс» ойындары ойнатылып, жүлделі орын иегерлеріне сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік дастархан ұйымдастырылып, наурыз көже таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.