Жамбылдықтар «Электронды үкімет» порталының мүмкіндіктерін барынша пайдалануда. Бұл жүйе әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болып отыр.
Мәселен, Паралимпиада чемпионы Зульфия Ғабидуллина үйде отырып, керек құжатына қол жеткізгенін айтады. Спортшыға Халыққа қызмет көрсету орталығының мобильді тобы көмекке келіп, анықтамаларды электронды түрде рәсімдеуді үйреткен. Соның арқасында қазір чемпион бұл іске артық уақытын шығындамайды. Ал жалпы қазіргі таңда «Электронды үкімет» порталы арқылы 400-ден астам түрлі анықтамаларды тез арада алуға болады.
«Мен бұрын мұндай мүмкіндіктің бар екендігін білмеген екенмін. Өте қолайлы. Порталға өзің кіріп, қажетті шаруаны тындыруға болады. Ол үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Бұл біз үшін өте тиімді болып отыр», — дейді Паралимпиада чемпионы Зульфия Ғабидуллина.