А. Шпекбаев Тараз қаласындағы Достық үйіне келді

0 0

Тараз қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Тараз қаласындағы Достық үйіне келді. Онда Алик Жатқамбайұлы этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Агенттік Төрағасы Достық үйінде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан шаралар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және аймақтағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат алмақ.

Сондай-ақ,  жергілікті және шетелдік инвесторлармен, бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесіп, «Protecting Business and Investments» жобалық офисінің таныстырылымына қатысуы жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, А. Шпекбаев жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ашылу рәсіміне қатысты. Бұдан бөлек, сапары аясында Алик Шпекбаев облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның жеке құрамымен кездесіп, жұмысымен танысып, Жамбыл облысының активімен кездесу өткізді.

Дереккөз:arainews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.