Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

0 12

Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі күзгі екі айлық аясында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашасына дейінгі аралықта «Таза аула» байқауы ұйымдастырылады. Байқау жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады, берілетін жүлделер:

1-ші орын — 2 дана теледидар

2-ші орын — 2 дана тоңазытқыш

3-ші орын — 2 дана кір жуғыш машина

Жамбыл облысы әкімдігінен құрылған арнайы комиссия сараптама жасау мақсатында байқауға қатысушы аулаларға бақылау жүргізеді.

Тараз қаласының тұрғындарына, «Таза аула» байқауына қатысуға ниет білдіріп, жүлделі сыйлықтармен марапатталуға мүмкіндіктеріңіз бар екенін хабарлаймыз. Байқауға қатысу үшін Тараз қаласы әкімінің аумақтық округ бас инспекторларына өтінім беруге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.