Жамбыл ауданында «Ертегі» балабақшасы пайдалануға берілді

0 5

Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы «Бәйтерек» тұрғын-үй алқабында «Ертегі» бөбекжайы ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Салтанатты шараға аудандық мәслихат хатшысы Рүстем Бегалиев, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков, Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов қатысып, ақжарма тілектерін білдіріп, сөз сөйлеген азаматтар бөбекжайдың кермесін қиды. Одан соң қалың көпшілік бөбекжайдың ішін аралап көрді. Заманауи құрал-жабдықтармен толық жарақтандырылған бөбекжай тұрғындар көңілінен шықты.

Ашылу салтанатында сөз алған Рүстем Әлішұлы: «Сіздерді бүгінгі 75 балаға арналған «Ертегі» бөбекжайының ашылуымен құттықтаймын! Жеке қаржы есебінен осындай сән-салтанаты келіскен бөбекжайды тұрғызған жандарға алғыс білдіргім келеді. Осы бөбекжайдан ел тізгінін ұстайтын атпал азаматтар қанат қағып ұшатынына сенемін», — деді.

Ізгі тілектер легін жалғаған Жақсылық Сәлемов бөбекжай жұмысына табыс тіледі.

— Бұл бөбекжай Астана қаласының 20 жылдығына орай қолға алынған «20 жылдыққа — 20 нысан» жобасының шеңберінде және «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында бой көтерді. Құрылысы осы жылдың сәуір айында басталған бөбекжай бүгін, міне, жаңа оқу жылында есігін айқара ашып отыр. Бөбекжай 75 балаға арналған. Балаларды 1 жастан бастап қабылдайтын боламыз. Бұл жерде оқу үш тілде жүргізіледі. Осы бір бүлдіршіндер мекенінен саналы, тәрбиелі балғындар қанат қағады деп сенемін, — дейді бөбекжай меңгерушісі Дамира Дармағамбетова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.