Талас ауданы ағымдағы жылы 11 млрд. 736 млн. теңгенің өнімін өндірген

0 2

Талас ауданы ағымдағы жылы 11 млрд. 736 млн. теңгенің өнімін өндірген. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте Талас ауданының әкімі Досмаханбет Алиев айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews”Ақпараттық Агенттігі.

Досмаханбет Қасымұлы ауданда ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы жалпы өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 22 млрд. 109 млн. теңгені құрап, 14,0%-ға немесе 2 млрд. 715 млн. теңгеге өскенін айтты. (2017 жылы 19,394 млрд. теңге)

Атап айтсақ, өнеркәсіп өнімдері 11 млрд. 736 млн. теңгеге өндіріліп 116,4 пайызға артық орындалып, нақты көлем индексі 110,9% құрады.

Кәсіпорындарды талдайтын болсақ, жыл басынан бері «Talas Investment Company» ЖШС 4066 тонна цианид натрий және 1444 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 3 млрд. 76 млн тенгені құрады. «Жамбыл Недр» ЖШС 1415 тонна цемент және 4600 тонна клинкер өндіріп, ақшалай 35 млн. тенгені құрады. «Қаратау ПРО» ЖШС 36559 тонна мәрмәр ұнтақталған толтырғыш өндіріп, ақшалай 272 млн. 900 мың тенгені құрады. «Амангелді ГАЗ» ЖШС 155 млн. 600 мың текше метр табиғи газ және 7900 тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 5 млрд. 877 млн. теңгені құрады. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС 1600 тонна сұйытылған газ, 700 мың текше метр газ және 4800 тонна дистилятор өндіріп, ақшалай 511 млн. 200 мың теңгені құрады. «Шолақтау» тау кен өңдеу кешені 46800 тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндірді.

Индустриалды–инновациялық дамыту бағдарламасы-ның орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдығында 18 млрд. 211 млн. теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде жылына 15000 тонна цианид натрий шығаратын «Talas Investment Company» ЖШС-гі, жылына 300 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіретін «Жамбыл Недр» ЖШС-і және жылына 110 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын «Қаратау Про» ЖШС-і.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдері 6 млрд. 110 млн. теңгені құрап, 101,0% орындалып, немесе 57 млн. 900 мың теңгеге артық өндірілген. Нақты көлем индексі 101,5% құрады. Мал шаруашылығы бойынша: Мал мен құс еттері: 7905 тонна (102,2%-ға), сүт 6192,0 тонна (102,5%-ға), жүн 284 тонна (102,0%-ға) жұмыртқа 1 млн. 941 мың дана (64,3%-ға) өндірілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.