Меркі ауданында мұнай өңдеу зауыты іске қосылады

0 10

Меркі ауданында мұнай өңдеу зауыты іске қосылады. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте Меркі ауданы әкімі Мейірхан Өмірбеков айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мейірхан Азатұлының айтуынша, ағымдағы жылы жобалық құны 662,0 млн. теңгені құрайтын «Са-Ба ЛТД» ЖШС-нің «Шағын мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырту» жобасы кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізіліп, Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы №53 қаулысымен бекітілген. Қазіргі таңда зауытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылғы желтоқсан айында зауытты іске қосу жоспарлануда. Жоба іске асқан кезде 70 адамға жаңа жұмыс орындары ашылады.

Сондай-ақ, ауданда кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша, жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 38 жаңа жұмыс орны ашылған. Атап айтар болсақ, «Орталық Азия Қант Компаниясы» ЖШС Меркі филиалының «Шырынды тазалайтын цехты қайта жанғырту» жобасы. Жоба құны — 698 млн. теңге. Жаңа 18 жұмыс орындары ашылған. Одан кейін, «Орталық Азия Қант Компаниясы» ЖШС Меркі филиалының «Қант зауытын қайта жаңарту» жобасы. Жобаның құны – 1014,2 млн. теңгені құрап, 20 жұмыс орындарымен қамтылды.

Сондай- ақ, жалпы өңірлік өнім көлемінің көрсеткіштері ағымдағы жылы 22 млрд. 128,2 млн. теңге болған. Яғни, шағын және орта бизнестің үлесі 63%,  «Меркі қант зауыты» ЖШС-нің үлесі 37% -ті құрайды.

Аудандағы «Алкопищепром» ЖШС 2015 жылы жұмысын тоқтатқан. Қазіргі таңда зауытты қайта іске қосу мақсатында ҚР Қаржы министрлігінен спирт өнімін өндіруге рұқсат беретін лицензиясын қайтарып алып, ағымдағы жылдың қазан айында зауытты іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Меркі ауданы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 млрд. 111,6 млн. теңге. Бөлшек сауда тауар айналымы 3423,2 млн. теңгені құрайды. Ал, көтерме сауда тауар айналымы 1,4 млрд. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 130,2 пайызға орындалған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.