БЖЗҚ АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалында ашық есік күні өтті

0 7

«Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалында «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары» деген тақырыпта ашық есік күні өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпартық Агенттігі хабарлайды.

Ашық есік күні аясында Қор өкілдері жиналғандарға зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері мен даму бағыттары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы әңгімелеп берді.

Зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі модернизациялау тұжырымдамасына» сай жүргізілуде. Осыған сай, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап жасы келуіне байланысты зейнеткерлерге тағайындалатын базалық зейнетақы көлемі барлығына бірдей емес: ол еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысу мерзіміне байланысты. Азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру үшін енгізілген бұл өзгеріс базалық зейнетақыны екі есе өсіруге мүмкіндік береді.

Бүгінде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағымдарының бірыңғай әкімгері және операторы. Қорда барлық келісім түрлері бойынша 10, 25 млн. жеке зейнетақы шоттары шоғырланған (2018 жылдың 1 қыркүйегіне). Олардың 9,75 млн-ы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 464,8 мыңы – міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 39,8 мыңы – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша шоттар. Зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 8,8 трлн.

Шараға қатысушылар сонымен қатар өздерін толғандыратын жеке сауалдарына да жауап алды. БЖЗҚ Ашық есік күндері 2017 жылдың басынан бері өткізіліп келеді. Осы уақыттан бері шараға 24 мыңға тарта қазақстандық қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.