Таразда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спорттық жарыс өтті

0 28

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу Орталығының» ұйымдастыруымен және «№ 51 Бәйтерек бастауыш партиясының» қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Бірге жеңеміз!» атты спорттық жарыс өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Шараның мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында , «Жомарт жүрек» жобасы аясында болып отыр.Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды халқымыздың мәдениетімен таныстыру, ұжыммен бірге жұмыла әрекет жасауға және шешім қабылдауға үйрету.

Аталмыш жарысқа төрт топ қатысып, 5-кезеңнен тұратын сайыста барынша қызығушылық танытып, жүлделі орындарға ие болды.

Сайыстың басты қонағы параолимпиада ойынының суда жүзу спорт түрінің чемпионы, жерлесіміз Зульфия Габидуллина Раухатовна қатысушы балдарды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.