Таразда 16 жасар бала қаза тапты

0 2

Ағымдағы жылдың 20-қыркүйегінде кешке Тараз қаласының жергілікті полиция бөліміне Абай даңғылы бойындағы «Казфосфат» алдындағы аялдаманың жанында 16 жастағы баланы ұрып-соққан деген хабар түскен. «103» бригадасы келгенге дейін жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото Оқиға орнынан түсірілім

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-тармағына сай алдын ала тергеу жүргізуде. Жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.

Қылмысқа қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Іс ІІД басшылығының бақылауында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.