Таразда туристерге жөн сілтейтін гидтерді оқыту басталды. Облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті оқу орындарында туризм мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге арнап семинар-кеңес өткізілуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Кездесуді облыстық туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова өзі бастады. Сондай-ақ, белгілі тарихшылар Қуаныш Даурембеков, Сауран Қалиев сынды білікті мамандар жастарға кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, тарихшылар көне Тараздың тарихы, туристер үшін тартымды нысандар жайында жан-жақты мәлімет берді.