Таразда жасөспірімнің өліміне қатысты күдікті ұсталды

0 0

Жамбыл облысы ІІД полиция қызметкерлері 20 қыркүйек күні қала орталығындағы «Қазфосфат» ғимаратының алдында қаза болған жасөспірім өлімінің оқиғасына қатысы бар деген күдікпен кәмелетке толмағандарды ұстады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегі күні полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 16-17 жастағы кәмелетке толмаған бес жасөспірім ұсталды. Олардан кәмелет жасына толмағандықтан, заңды өкілдерінің, психолог мамандар мен адвокаттардың қатысуымен сұрау алынды.

Тергеу барысында анықталғандай, сол күні жәбірленуші достарымен туған күн кешінен шығып, орталық көше бойымен жаяу келе жатып, бір топ бейтаныс балаларды кездестіреді. Қарсы беттегі «Б» есімді жасөспірім туған күн иесінің қолындағы шарын қасақана жарған. Нәтижесінде, екі тарап арасында жанжал туындап, күдікті «Б» жәбірленушінің бет жақ тұсынан соққы келтірген. Салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 17 жастағы күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.