Таразда өрт сөндіру мамандары облыстық байқауда бақ сынасты

0 1

Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында «Үздік кезекші қарауыл» облыстық байқау-конкурсы өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру бөлімдері жауынгерлік қызметтің дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырған жарысқа аудандық және қалалық бөлімшелерден 15 команда қатысты.

Байқаудың 1-ші кезеңі өрт сөндіру бөлімдерінде, кезекші қарауылдар арасында өткізіліп, 2-ші кезең Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында жалғасты.

Байқау өрт сөндірушілердің біліктілігін анықтау мақсатында, бірқатар нормативтерді тапсырудан турды. Барлық қызметкерлер әр кезеңде өз біліктіліктерін, кәсіби шеберліктерін көрсете отырып, байқау-конкурстын жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етті.

Нәтижесінде, 3-ші орынды Меркі ауданы Меркі ауылының №11 Өрт сөндіру бөлімі алса, Т.Рысқұлов ауданы Құлан аулының №10 Өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы жүлделі 2-ші орынды иеленді. Ал, «Үздік кезекші қарауыл» атағына Тараз қаласы №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы лайықты деп табылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.