Сарысу ауданының 90 жылдығына орай, аудандық мәдениет үйінде «Egov электрондық үкімет – бәрімізге міндет» атты мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында қазақша КВН ойындары өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Сарысу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен байқауға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ж.Тойшыбеков, басқармасының бас маманы Б.Кеңесбек, аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Жарықбасов, аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Т.Абдраев, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Есмұрзаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры М.Бегеев қазылық етті.
Кеш барысында, аудан әкімі аппаратының жетекшісі Жұбаныш Халықбергенұлы барлық қатысушыларды ауданның 90 жылдығымен құттықтап, жастарды қоғамда позитивтік өмірді қалыптастыруға шақырды.
Байқау қорытындысы бойынша, 1 орынды – Абылай хан орта мектебінің «Бұзықтар» командасы жеңіп алса, 2 орын – М.Әуезов мектеп-гимназиясынан келген «Кіші серілер» командасы бұйырды. Жүлделі 3 орынды – Ш.Уәлиханов мектеп-гимназиясынан қатысқан «Ерекше» командасы місе тұтты. Сайысқа қатысқан барлық команда мен жеңімпаз командалар мекеменің «Алғыс хатымен» марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.