Талас ауданында спорт ойындарынан спартакиада өтті (ФОТО)

0 2

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде   Талас ауданының 90 жылдығы және Қаратау қаласының 55 жылдық мерейтойына орай  аудандық спорт кешенінде «Ауыл жастары спорт ойындары» атты спартакиада өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы «КММ» сондай-ақ, » Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның бірлесе ұйымдастыруымен өткен спартакиада, жастарды жаппай дене шынықтыру мен спортқа тарта отырып, салауатты өмір салты қағидаларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Спартакиадаға 14 команда қатысып, волейбол, кіші футбол, арқан тарту, асық ату, қой көтеру, ләңгі тебу, үстел теннисі секілді спорт түрлерінен бақ сынасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.