Тараз қаласының «Достық» үйінде жас судьялар мен сот қызметкерлерінің арасында «Білгір» тарихи-танымдық зияткерлік республикалық байқауы өтуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Әр облыстан келген жеңімпаздар «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Туған өлкем — тарихым», «Билердің сөзі – ақылдың көзі» атты үш кезең бойынша бақ сынасты.
Қатысушылар өз туған жерлерімен таныстырып, көне әрі құнды экспонаттардың тарихы туралы айтты. Атақты ақын, жыраулардың нақыл сөздерін жалғастырып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңын тәжірибе жүзінде жүзеге асыру аясында өткізіліп отырған іс-шараға республиканың әр аймағынан 18 сот қызметкері қатысуда. Айта кетейік, байқау қорытындысы бүгін белгілі болады.