Таразда қазақ эстрадасының маэстросы Нұрлан Байкөзовтың «Таразымның алтын күзі» атты фестивалі өтеді

0 11

Бүгін Тараз қалалық «Баласағұн» ОКЗ кешкі сағат 18.00-де қазақ эстрадасының маэстросы Нұрлан Байкөзовтің «Таразымның алтын күзі» атты эстрада және джаз фестивалі өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Нұрлан Байкөзов — сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республика­лық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, аранжировка шебері. Оның өнердегі негізгі қадамдары студенттік күндері басталған. 1973 жылы Шымкент музыкалық училищесінде жүріп, «Степные маки» (Қыр қызғалдақтары) деп аталатын вокальдық-аспапты ансамбль құрады. Арада бір жыл өткенде ВИА «Степные маки» Мәскеуде өткен байқауда жеңімпаз атанады. Қазақтың цирк өнерін тұңғыш рет әуенмен өрнектеген сазгер бүгінде А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республика­лық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында эстрадалық-симфониялық оркестр құрып, оның көркемдік жетекшісі қызметін атқаруда.

Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Нұрлан Байкөзов халықтың жүрегінен орын алған талай әннің авторы ретінде танымал. Бүгінде әндерінің саны 60-тан асқан. Халық оны Мақпал Жүнісованың орындауындағы «Деме сен» әнімен жақсы таниды, сонымен қатар Бағдат Сәмединова, Құдайберген Бекішов, Ералхан Әбішов сынды өнер иелері бүгінде Байкөзовтың әндерін орындап, көрерменге ұсынып жүр. Бұдан бөлек, 50-ден астам симфониялық оркестрге және эстрадалық симфония оркестрлеріне, ансамбльдерге арналған шығармалары бар. Оның көпшілігі Еуропа елдерінің сахнасында орындалған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.