iPhone телефоны қазіргі таңда ұялы телефондардың көшбасшысы. Барлық мүмкін деген атқарымдар осы телефонда қарастырылған. Алайда сан алуан артықшылығына қарамастан, iPhone қуат көзі тез таусылып, ұзақ уақытқа жетпей қалып жатады. Ия, бұл әрине заманауи телефон үшін үлкен кемшілік. Бүгін біз сіздің назарыңызға iPhone телефон қуатының тез таусылып қалуының 7 себебін ұсынамыз.
1. Сіз орналасу қызметін шектемейсіз
iPhone-да көптеген орналастыру қызметі бар. Ол сіздің орналасу аймағыңызды анықтайды және сіз оны қолданбай-ақ қойсаңыз болады. Сіз Settings > Privacy > Location Services қызметтерін орындау арқылы қалаған орналасу қызметін таңдайсыз. Бұл қызметті аз пайдалануға кеңес береміз.
2. Mail хаттары үнемі келіп тұрады
Орналастыру қызметі сияқты mail хаттары да сіздің телефоныңызға жиі келіп, ақпараттармен қамтамасыз етеді. Ал ол сізді iPhone-дағы поштаңызды тексеріп, қадағалап тұруға мәжбүрлейді. Хат келген уақытта хабарландыру қоса келіп, сізге «тексересіз бе, жоқ па» деген таңдау жасай алатыныңыз туралы ескертеді. Сіз Settings > Mail, Contacts, and Calendars > Fetch New Data > Manually функциясын орындап жөнге келтіре аласыз. Осылай поштаңызды қолмен басқару мүмкіндігі бар. Сөйтіп хатыңызды жаңартып, қосымша деректер алуыңызға болады. Бұл телефонды қосымша қызметтен арылтады.
3. Телефон экранына қамтаманың шыға беруі
Мульттасктер бір уақытта бірнеше қамтаманы бірдей қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ көп қамтаманың бірдей қолданылуынан телефоныңыз қатып, тұрып қалады. Соның барлығы қуат көзінің азаюына әкеледі. Оны басқа тілмен «Қуат сөндіргіш» деп атайды.
4. Экранның тым жарық болуы
Экранның тым жарық болуы батареяны тез тауысады. Сол себепті көп адам қуатының азайып бара жатқанын көргенде экран жарығын төмендетіп қояды. Ол үшін сіз Settings > Wallpapers & Brightness қызметін орындауыңыз керек.
5. Телефонның ұшу режимі тек саяхаттау үшін арналмаған
Ұшу режимі – ұшақ радарларына кедергі келтірмес үшін автоматты түрде телефон желісіне кіруден сақтайды. Алайда бұл оның жалғыз ғана қызметі емес. Сіз ұшу режимін телефон желісі жоқ жерлерде пайдалана аласыз. Мысалы, метрода келе жатып iPhone-ның қуаты азайғанын көретін болсақ, ұшу режимі арқылы аз мөлшерде сөну уақытын соза аламыз.
6. Параллакс қолдансаңыз
Параллакс — сіздің iPhone-ның экранына қалғымалы әсер беретін нәрсе. Ондай сәндік зат жақсы сезім бергенімен, телефон қуатының төмендеуіне әсер етеді. Оны алып тастау үшін Settings > General > Accessibility > turn on “Reduce Motion амалдарын орындауыңыз қажет. Сонымен қатар артық зат ретінде пайдаланбайсыз.
7. Көптеген қамтаманың болуы
Ұялы телефонда қамтаманың көп болуы телефонның қуат көзін екі есе шығындайды. Өйткені ол iPhone телефонының ең басты артықшылығы болып табылады. Сондықтан тек керекті, күнделікті қолданыстағы қамтамаларды қалдырып, артығын өшіріп тастау керек.
Дереккөз: massaget.kz