Youtube туралы 18 дерек

0 3

Бүгінде ең көп қолданушысы бар видеохостин ол – «YouTube». Бүгін назарларыңызға YouTube жайлы қызықты ақпараттар легін ұсынамыз.  

• Youtube видеохостингінің негізін салушылар (Steve Chen, Chad Hurley, Jawed Karim) өз жобасын бастар алдында Paypal компаниясында жұмыс істеген;

• Youtube домені 2005 жылы 15 ақпанда тіркелген;

• Youtube-қа тіркелгендердің 70 пайызы АҚШ азаматтары, ал 50 пайызы жасы жиырмаға толмағандар;

• Егер Youtube Голливуд кинокомпаниясы болғанда оның аптасына 60 мың жаңа фильм шығаруға материалы жетер еді;

• Егер Youtube-қа соңғы екі ай көлемінде салынған видеоларды дайындау үшін оларды NBC, ABC, CBS (АҚШ) телеарналарына берсе, 1948 жылдан бастап демалыссыз жұмыс істеулеріне тура келер еді;

• Youtube-тің қазіргі интернет трафигі 2000 жылғы бүкіләлемдік интернет трафигімен бірдей;

• Youtube видеохостингіндегі барлық видеоларды көріп шығу үшін сізге 1000 жыл қажет болады. Ал оған дейін видеолар саны миллиардтан асып кететіні сөзсіз;

• Youtube-тағы ең әйгілі айдар – Музыка. Ол хостингтің 20 пайызын қамтып отыр;

• АҚШ Youtube-қа видео салу бойынша көш бастап тұр. Екінші болып тізгінді Ұлыбритания алған. Ең көп көрілімдер бойынша да АҚШ, сосын Жапония елі бірінші;

• Youtube тарихындағы алғашқы салынған видео «Мен хайуанаттар бағындамын» деп аталады. Ол 2005 жылы 23 сәуірде салынған;

• Youtube арқылы күн сайын көрілетін видеолар саны 2 миллиардтан асады;

• Google Youtube компаниясын 2006 жылы 1,65 миллиард АҚШ долларына сатып алды;

 • Youtube-қа түскен алғашқы орыс тілді видео 2007 жылы тіркелген. Ол Петр Наличтің «Гитар» әніне түсірілген бейнетаспа болатын;

• 2007 жылдың 13 наурызында «Viacom» компаниясы Youtube-тағы авторлық құқықтардың бұзылып жатқандығына қатысты Google компаниясын сотқа береді. Нью-Йорк штаты Оңтүстік округінің федералды соты арызды толықтай дұрыс деп табады. Соңыра Google Youtube-қа қатысты жеке ақпараттарды ұсынып отыруға міндетті болады;

• Youtube-та жұлдыз болған адамдар ғаламтордан тыс әлемде де жұлдызға айналды. Мысалы, канадалық Джастин Бибер өзінің видеолары арқасында дыбыс жазушы компаниямен қымбат келісім шартқа қол жеткізеді. Оның ән айтқан видеоларын Youtube-қа анасы салған екен;

• 2014 жылдың сәуір айына қатысты статистикалық ақпаратқа орай, Youtube-қа әр минутта 35 сағаттық видео жүктеледі екен. Ал күніне 50 400 сағаттық;

• «Өшірілген» деп көрсетілген видеолар, шын мәнінде, өшпеген болады. Deleted YouTube Video Viewer деген атауға ие қосымша арқылы өшірілген видеоларды көруге болады;

• 2009 жылдың наурызында Қытай өкіметі өз территориясында YouTube видеохостингін жауып тастады. Оған YouTube-қа жарияланып кеткен Қытай әскерлерінің тибеттік монахтар мен өзге Тибет тұрғындардың ұрып жатқан видеосы себеп болған.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.