Таразда «Еңбек күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

0 23

Бүгін Тараз қалалық Мәдениет үйінде «Еңбек күні» кәсіби мерекесіне орай ауқымды іс-шара өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы онкүндігінде «Еңбек күні» мерекесі кеңінен аталып өтіліп, экономиканың әртүрлі салаларында еңбек өнімділігін арттыруға қомақты үлес қосқан еңбек озаттарымен ардагерлеріне құрмет көрсету дәстүрге айланып отыр.

Ұйымдастырылып отырған шараға облысымыздың еңбек ұжымдарынан ең үздік еңбеккерлердің өкілдері қатысты. Олардың арасында, облысымызда алғашқылардың бірі болып ұзақ жылдар химия өнеркәсіп саласында басшылық құрамында еңбек етіп кележатқан М.З. Искандеров «Еңбек ері» атанса , «Еңбек даңқы» орденінің алғашқы иегерлері Виктор Петренко, Владимир Радионовта осы іс-шарада бой көрсетті.

Кеш барысында облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Айдапкелов құттықтау сөз сөйлеп, көпжылдық жемісті еңбегі және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін бірқатар еңбеккерлерді марапатталып, бағалы сыйлықтар берілді. Бұдан бөлек, салтанатты жиынның қатысушылары биылғы жылы Қазақстанда басталған «Еңбек келісім-шартын жасасу» атты республикалық акция туралы бейне үзік көрсетілді. Сондай-ақ еңбек қатынастарын қалыпқа келтіру туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.