«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысы Қанат Алпысбаевтың бұйрығымен Иманқұлов Руслан басқарма басшысының кеңесшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Р. Иманқұлов БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелерін қадағалап, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметі туралы халықты ақпараттандыру және хабардар етумен айналысады.
Қанат Алпысбаев Р.Иманқұловаты ұжымға таныстыра отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ үнемі азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық және қолжетімді имиджді қалыптастырғанын атап өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесудің тиімді тетіктерін жолға қоюдың маңыздылығына тоқталды.
Бұл тағайындауға дейін Руслан Иманқұлов азаматтық қорғаныс органдарында қызмет етті және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі болды.