Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) басшысы Маурисио Сулейман қазақстандық Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегі өтетінін жоққа шығармайды, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Сулейман «Канело» өз белбеуін «уақытша» чемпион Джермалл Чарлоға (27-0, 21 КО) қарсы қорғауға міндеттелетінін айтты, алайда мексикалық желтоқсанда титулдарын өз еркімен қорғауы да мүмкін екен. Сонымен қатарWBC президенті Головкин рематчта жеңілгеннен кейін Альвареске үшінші жекпе-жекті өткізу жайлы ұсыныс жасағанын да ескеру керек деп есептейді.
«Канело» белбеуін қорғауға міндеттелуі мүмкін, алайда өз еркімен қорғайтын жолдары да бар. Сондай-ақ біз Головкин реванш сұрағанын білеміз. Әзірге бұл жекпе-жек ресми жарияланған жоқ, алайда ол оны өткізгісі келетінін білдірді», — деп атап өтті Сулейман.
Головкин шынымен де «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан болатын, алайда, оның айтуынша, жекпе-жектің шарты екі жақтың да көңілінен шығатындай болуы тиіс, деп хабарлады Sports.kz.
Айта кетейік, бұған дейін GGG бапкері Абель Санчес екі жекпе-жектегі төрешілердің шешімі бокс жанкүйерлерінің көңілін қалдырғанын мәлімдеген еді.
GGG-дің бапкері төрешілер шешімі жанкүйерлердің көңілін қалдырғанын айтты
— Өкінішке қарай, мұндай шешімдердің салдарынан бокс фанаттарын жоғалтып жатырмыз деп ойлаймын. Иә, бұл жекпе-жек итжығысқа жақын болды, алайда Геннадий одан жеңілген жоқ, жай ғана төрешілерден бағасын алмады. Алғашқы жекпе-жек мұншалықты шешуші болмады, өйткені белсенді әрекет жасалған жоқ. Бұл кездесуде, Геннадийдің қалай жұдырықтасқанын ескерсек, есеп кем дегенде 7-5 болуы керек еді. Әлеуметтік желілерде де осыны айтып шулап жатыр, — деді Санчес The Ring-ке берген сұхбатында.