Тараз қаласында жыл басынан 156 өрт оқиғасы тіркеліп, 18 млн. теңге материалды шығын келтірген. От құшағында 6 адам көз жұмып, 3 адам әр түрлі дәрежелі жарақаттар алған. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жасалған талдау бойынша 70 % өрт оқиғасы жеке тұрғын үйлерде орын алған. Осы көрсеткіштерге байланысты, ағымдағы жылдың қазан айында өрт қауіпсіздік айлығы кезенінде қалалық ТЖ басқармасының қызметкерлері, облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызмет» ММ қызметкерлері, Жамбыл облысы ІІД жергілікті полиция қызметкерлері және Тараз қаласы әкімінің өкілдерімен бірлесе отырып, Тараз қаласы аумағында тұрғын секторында тұрғын үйлерін аралаумен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, тұрғындардың арасында тұрмыстық өрттің алдын алу туралы жаднамалар таратылып, пеш жағу кезінде және қоқыстарды жақын орналасқан қосалқы құрылыстардың жанында жақпаулары туралы түсіндірме жұмыстары атқарылды.
Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.