Синоптиктер 6-8 қазан күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Қазгидромет» өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы төмендейді.
— Қазақстан аумағы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттар алдағы үш тәулікте оның үлкен бөлігінде жаңбырға алып келеді. Ал республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда арты сулы қарға ұласатын қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Фронттардың орнына келетін антициклонмен бірге суыту да күтіледі, — деді «Қазгидромет» мамандары.