Ерекше пішінді астероид 2015 жылы күзде көзге түскен болатын. Пішіні адамның бассүйегіне ұқсайтын 2015 TB145 астероиды Жерге 11 қарашада жақындайды. Аспан денесі ғаламшарымыздан 38 миллион қашықтықта өтеді.
Ерекше астероид 2015 жылы күзде ғалымдардың көзіне түскен болатын. Нысанның Жерге жақындауы 31 қазанға сәйкес келгендіктен, «Хеллоуин астероиды» деген атқа ие болды.
Ол кезде аспан денесі 486 мың шақырымға жақындап, астрофизиктер бірнеше сурет түсірді.
Ғалымдардың айтуынша, Хеллоуин астероиды адам бассүйегінің кейпінен айырылған болуы мүмкін, өйткені пішіні өзгеріске ұшырауы ықтимал. Келесі жолы астероид Жер шарына 2082 жылы бір-ақ тақап келеді деген болжам бар.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан