Көкөністер мен жеміс-жидектердің құрамында кездесетін физетин заты адам денсаулығын жақсартып, жасын ұзартады.
АҚШ-тағы Миннесота Университеті мен Майо Клиникасының ғалымдары анықтағандай, көптеген көкөніс пен жемісте кездесетін табиғи физетин заты адамның денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына оң әсерін тигізеді.
Жас ұлғайған сайын адам ағзасында жасушалар қартайып, зақымдалған жасушалар саны арта түседі.
Жастық шақта иммундық жүйе ағзаны мұндай жасушалардан оңай тазартқанымен, қартайған сайын оның тиімділігі төмендеп, ағзада зақымдалған жасушалар жинақталып, адам денесіндегі ұлпаларға зиянын тигізеді.
Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады?
Зерттеушілер жасы ұлғайған тышқандарға масс-цитомерия пайдлана отырып зерттеу жүргізіп, физетиннің ағзадағы зақымдалған жасушаларды азайтатынын анықтады, нәтижесінде тышқандардың денсаулығы жақсарып, өмір жасы артқан.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, физетиннің көмегімен адамның бойындағы қуаты сарқылмаған кезде де, тіпті өмірінің соңында да денсаулығын жақсартып, жасын ұзартуға болады, деп қорытынды жасады мамандар.
Кәрі адамдарды жастардың қанымен емдеудің жолы табылды
Бұдан бұрын АҚШ-тың ғалымдар тобы тамақтану арасындағы уақытты арттыру өмір сүру ұзақтығына септігін тигізетінін анықтаған болатын.