Ақыл тісті жұлу міндетті ме?

0 4

Халық арасында ақыл тіс туралы түрлі пікірлер бар. Ол туралы кең таралған 4 қате пікірді ұсынамыз.

1-аңыз. Ақыл тісті бірден жұлып тастау керек, олар бізге керек емес.

Ол – шынымен де халықтың өткенінен, өткен өмірінен қалған мүше. Ата-бабаларымыз қатты тағамды аз жей бастағандықтан, оның қажеттілігі болмай қалды. Мысалы, соңғы жылдары ақыл тісі жоқ балалар көп.

Егер тіс дұрыс шықса, оның сізге ешқандай кедергісі болмайды. Тіпті, керісінше, ол шайнау процесіне қатысады. Сонымен қатар, болашақта қажет болса, протез бекітуге көмегі тиеді.

Алайда, ақыл тістің 85%-ы дұрыс емес шығады. Ол қызыл иектің ішіне немесе көрші тістің астына шығуы мүмкін. Сондықтан олар көп қиындық туғызады: ұрттың шырышты беті зақымдалады, тістің еті іседі, тістер бір-бірінің үстіне шығады.

2-аңыз. Ақыл тіс шығуы кезіндегі жайсыздыққа шыдау керек.

Ақыл тіс шығуы кезінде жағымсыз сезімдер болады. Кейде тістеріңіз ауырады, іседі, жоғары температура болады. Егер жағымсыз белгілерді сезсеңіз, дәрігерге көрсеткен жөн. Дәрігер оның дұрыс шығып келе жатырғанын тексереді. Ол кезде тістің түбі толықтай қалыптаспағандықтан, жұлу кезінде асқыну қаупі төмен болады. Әсіресе, шаншып ауыру, ірің, қан, есту мүшесі проблемасы, бетіңіздің қатты ісінуі кезінде сақ болу керек. Мұндай белгілер тістің паталогиясы бар екенін білдіреді.

3-аңыз. Ақыл тісті жұлса, бет пішіні өзгеріп кетуі мүмкін.

Ақыл тістер ішкі жақта орналасқандықтан, олар бет пішініне әсер етпейді. 4-аңыз. Ақыл тісті емдеу керек емес, тек жұлу керек. Егер тіс емдеуге жарамды болса және сізге кедергі келтірмесе, оны жұлу міндетті емес.

Дереккөз: Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.