Сәбилерге неге су беруге болмайды?

0 1

Бала дәрігерлері сәбилерге 6 айға дейін су беруге болмайтындығын айтып жатады. Бұл көпшілік аналардың арасында қарама-қарсы пікір туғызады. Себебі, су – Жердегі өмір көзі және оның адам ағзасына пайдасы туралы бәріміз білеміз. Ендеше, неліктен нәрестелерге су беруге болмайды?

1. Су тойдырады

Ол асқазанды толтырып, балада тойып тұрғандай сезім тудырады. Сол үшін сәби тамақтан (сүттен) бас тартып, қажетті калорияны алмайды. Егер оған үнемі су бере берсе, ол салмақ жоғалтуға немесе қажетті салмақ қоспауға әкеледі.

2. Ол судан улануы мүмкін

Баланың іші өтіп жүрсе, судан улану қаупі жоғарылай түседі. Су ағзаға бүйрек шығара алатын мөлшерден артық келсе, артық су ағзалар жазушасына өтіп кетеді. Ол тіннің ісінуіне әкеледі. Бұл қауіпті құбылыс, әсіресе, миға зиян. Судан уланудың белгілері мынадай: төмен температура (36 °C және одан төмен), құсу, көз айналасының ісуі, талма, қатты терлеу.

3. Сәбиде дисбактериоз ұлғаюы мүмкін

Сәби  өмірінің алғашқы жылында омырау сүтінен пайдалы бактерияларды алады. Егер оған әрдайым су бере берсе, микрофлораның тепе-теңдігі бұзылады да, дисбактериозға әкеледі. Зерттеулер бойынша, 6 айға дейін тек омырау сүтін ішкен балалар асқазан-ішек жолы ауруларымен өте сирек ауырады екен.

4. Суда ауру жұқтыратын бактериялар болуы мүмкін

Сәбилердің иммунды жүйесі бастапқы кезде өте әлсіз болады. Сізге суыңыз таза болып көрінгенмен, бала ағзасына жұқпа шақыратын бактериялар түсіп кетуі мүмкін.

Егер күн қатты ыстық болса, не істеу керек?

Омырау сүті 90%-дай судан тұрады. Сондықтан, егер балаңыз шөлдеген секілді көрінсе, сүтіңізді беріңіз. Ол жеткілікті мөлшерде су алады және жоғарыда айтылған жағымсыздықтардан қорғаулы болады. Бұл талап тек бастапқы 6 айға ғана арналған. Одан кейін сәбиге су бере беруге болады. Алайда, бала ағзасын үйретіп, 1 қасықтан беріп бастаңыз.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.