Жамбыл облысында ұстаздарға құрмет көрсетілді

0 4

Ағымдағы жылдың 6 қазанында ұстаздар күніне орай «Баласағұн» орталық концерт залында салтанатты шара ұйымдастырылып, педагогтарға құрмет көрсетілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі ұстаздар күні болып белгіленген болатын. Биылда жылдағы дәстүрден қалыс қалмай,  Жамбыл облыстық білім басқармасының игі бастамасымен ұстаздардың мәртебесі асқақтап, құшақтары гүлге толды.

Облыстың білім беру жүйесін жетілдіруге елеулі үлес қосқан ұстаздарға «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгілері тағылды. Шығармашылықта жоғарғы жетістіктері бар педагогтерді анықтау мақсатында биыл алғаш рет ұйымдастырылған «Үздік педагог-2018» байқауының жеңімпаздары облыс әкімінің алғыс хатмен және де бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Сондай-ақ, мерекелік жиында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің виртуалды құттықтауы жолданып, қыркүйек айында өткен «Менің ұлағатты ұстазым» атты акциясынан үзінділер көрсетілді.

Айта кетейік, ұстаздардың төл мерекесі күнтізбеде өткен ғасырдан бері бар. Бұған 1966 жылдың 5 қазанында Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы Арнайы үкіметаралық конференция тарихи негіз болған. Алғаш рет Дүниежүзілік мұғалімдер күні 1994 жылдың 5 қазанында мереке ретінде тойланды.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.