Жамбыл облысында жыл басынан жалпы сомасы 5,4 млрд. теңгені құрайтын бірқатар нысандар құрылысы жоспарланған. Оның ішіне 5 қонақ үй, 5 мейрамхана, тау-шаңғы базасы кіреді. Бұл туралы бүгін “Баласағұн” ОКЗ-да өтіп жатқан жиында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов мәлімдеді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Әрбір облыс тұрғыны жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін жете түсінуге күш салу қажет. Осы орайда, «Рухан жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы баршаға қатысты. Облыс экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризм саласына ерекше көңіл бөлініп отыр.
2018 жылдың басынан бастап аймақтағы туризмді дамыту мақсатында облыстың оңтайлы имиджін қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Саладағы ресурстарды жүйелеу мен бар резервтерді бірлестіру үшін туризмді дамыту үрдістері мен негізгі бағыттары айқындалған «Ішкі және кіру туризмін дамыту аймақтық картасы» әзірленді. Дамыту картасына сәйкес, облыстағы туристік бизнес нысандары мен субъектілеріне кешенді түгендеу жұмыстары жүргізілді.